bkogov.kz Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық ақпаратты таба аласыз.
"№45 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Орал қаласы білім бөлімі
bkogov.kz
Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық ақпаратты таба аласыз.
AA+
"№45 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Орал қаласы білім бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Бүгінде адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру – заман талабы. Осы орайда, 1 желтоқсан күні мектебімізде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде жоспарға сәйкес «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 9-11 сынып оқушыларына «Жетістікке жету өз қолыңда!» атты бейбітшілік пен келісім мотивациялық кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актеры Сатқанбаев Аманжол Серікұлы  мен халықтың Бигалиевтер «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегері, «Ағайын» қазақ мәдениет бірлестігінің төраға орынбасары, отандық өндіруші Fashion_Dari.lili дизайнері Бигалиева Айгүл Маратқызы қатысты. Шара барысында қонақтарымыз оқушыларға жетістікке жету жолындағы бағыттарды атап, өмірде адами құндылықты жоғары қою керектігін айтып өтті. Айгүл Маратқызы қазақ отбасындағы ұл бала, қыз бала тәрбиесіне тоқталып, ұлттық құндылығымызды жоймай, ұлттық құндылықты сақтап қалу үшін өткенді саралап, бүгінгіні бағалап отыру-басты мақсат екендігін айтып өтті. Сонымен бірге, Fashion_Dari.lili-дің этно стильдегі өнімдерін мектебіміздің оқушы қыздарына кигізіп, сән үлгісін көрсетіп, қонақ кәде рәсімінде «Қалам алып қолыма жазамын хат» әнін орындап, көрермен жүрегінен жол таба білді. Кеш соңында мектеп директоры А.Турегалиева қатысушы қонақтарға кешімізге қатысып, оқушыларымызға мотивациялық рух бергеніне алғыс білдіріп, мектепішілік Алғыс хат пен Абайдың қара сөздері кітабын сыйға тартты.

 

2/5