bkogov.kz Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық ақпаратты таба аласыз.
"№45 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Орал қаласы білім бөлімі
bkogov.kz
Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық ақпаратты таба аласыз.
AA+
"№45 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Орал қаласы білім бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

Аталмыш күні “Жас Ұлан” ұйымының белсенділері мен 11 сынып оқушылары ұстаздарды ертемен қарсылап, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп фойесі мен акт зал безендіріліп, ұстаздардың құрметіне арнайы жасалған бейнеролик көрсетіліп, шараға ардагер ұстаздар мен мектеп ұстаздары шақырылды. Ұлттың ұлы тұлғалары атанған ұстаздарды мектеп директоры А.Турегалиева ұстаздар күнімен құттықтап, облыстық, қалалық, мектепішілік марапатқа ұсынылған ұстаздарды марапаттады. Сонымен бірге, мұғалімдер күні қарсаңында мектебімізде «Teachers Oskar» атты ұстаздар оқушы көзімен бағаланып, таңдау жасалды. Әр оқушы ұсынылған номинацияға бір мұғалімді таңдап, өз дауыстарын берген болатын. Қорытындысы негізінде «Заманауи ұстаз» номинациясымен Г.Т.Джангереева, «Мейірімді ұстаз» номинациясымен Ш.К.Еслямова, «Позитив ұстаз» номинациясымен Г.Р.Онайбекова, «Талапшыл  ұстаз» номинациясымен К.Р.Бисенгалиева, «Сөзге ұста-ойға шебер ұстаз» номинациясымен Ж.И.Есендиярова марапатталды. Концерттік бағдарламада өнерлі өрендеріміз ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп, шараны «Ұстазым» әнімен қорытындылады.

Атауы Жүктеу
1
2/5