Туған өлкеміздің тазалығы – барлығымызға ортақ іс. Өлкемізді абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарға ат салысу – әрбір тұрғынның міндеті. Туған жеріміздің тазалығы – болашақ ұрпақтарымыздың денсаулығының кепілі. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізуді ұйымдастыру, әр өңірде жыл соңына дейін абаттандыру мен санитарлық-гигиеналық шараларды қамтитын іс-шаралар жоспарын бекіту туралы тапсырмасына сәйкес бүгін мектебімізде тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында мектеп айналасын сыпырып, ағаштарды қопсытып, ағаш түптерін әктеп тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, мектебіміздің жас бүлдіршіндері мектеп ішіндегі гүлдерді суарып, өз көмектерін көрсете білді.
Турегалиева Алима Зулпухаровна
Директор
Сіздерді өз тілектеріңізді, пікірлеріңізді қалдырып, соңғы оқиғалар туралы біле алатын блогыма қош келдіңіздер!